Strict Standards: Only variables should be assigned by reference in /var/www/vhosts/13/120282/webspace/httpdocs/plugins/system/admintools/admintools/core.php on line 64 Strict Standards: Only variables should be assigned by reference in /var/www/vhosts/13/120282/webspace/httpdocs/plugins/content/facebooklikeandshare/facebooklikeandshare.php on line 43 Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет- Н. Назарбаев - Astana.tv-ABCnet qazaq latyn alfavityn damytu portaly

Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет- Н. Назарбаев

Астана. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.  Бүгін Астанада Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын арнаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.  Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев терминология мәселесінде де қолға алар істердің әлі баршылық екенін айтты. «Мәселен, көне грек тілінен дүниеге жайылған «музей», «архив» секілді сөздер әлемнің барлық тілдеріне балдай батып, судай сіңіп кетсе де, біз оны «мұражай», «мұрағат» деп қазақшалап алдық. Маған келіп әлі күнге дейін айтады «композиторды» сазгер деп, «пианиноны» күйсандық деп аудару керек деп. Бұл барлық елде қолданылатын сөз», -деді Мемлекет басшысы.

inform.kz
Автор: Қанат Мәметқазыұлы