Алматыда "Мерс" мінген мастың кесірінен бір отбасы өртеніп кете жаздады

zakon.kz/4981507-almatyda-mers-m-ngen-masty-kes-r-nen-b.html

Ол газ құбырына соғылып, өрт басталды.

Сурет : zakon.kz

Өткен түнде Алматыда мас жүргізушінің кесірінен бір отбасы тірідей өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеті түнде Асқаров көшесімен желдей ескен Mercedes жүргізушісі бордюрден секіріп, газ құбырларына соғылып бірақ тоқтаған. Құбыр жарылып, сол жердегі жекеменшік үй өртенді.

видео: zhest_kz

Mercedes-тің ішінде удай мас күйдегі үш еркек отырған. Құбырға соғылардан бірнеше минут бұрын біреулермен төбелесіп, содан қашқан түрі болса керек.

Оқиға орнына полиция тез жетіп, үшеуін де ұстап алды.

Кейін белгілі болғандай, патруль қызметкерлері өрттен баланы құтқарған екен.

– Mercedes автокөлігінің газ құбырына соғылғаны туралы хабар түсе салысымен “Буран – 139” және “Буран – 143” нарядтары оқиға орына жетті. Алдымыздан шыққан әйел өртеніп жатқан үйдің ішінде бір отбасы тұратынын айтты. Жанымдағы қызметтесім,полиция сержанты Алмас Әсет екеуміз үйге кіріп, 11 жастағы қыз бала мен екі ер адамды алып шықтық, – деді патруль полициясы полкінің аға сержанты Бауыржан Жексембиев.

Әсет Алмас

Бауыржан Жексембиев

Полиция Mercedes рөлінде мас жүргізуші болғанын растады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *