Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды

zakon.kz/4989240-a-mola-oblysty-politsiya-departament-n.html

Ақмола облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы болып ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Хакімбекұлы Баймурзин тағайындалды.

Сурет : mvd.gov.kz

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облысы полиция департаментінің басшысын қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары А.Садуов пен Қаржылай қамту басқармасының бастығы С.Жұмалинаның тергеуге алуына байланысты облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Б.Биляловтың қызметінен босатуға рапорт жолданды.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Хакімбекұлы Баймурзин Ақмола облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Арманбек Баймурзин 1974 жылы 3 сәуірде Көкшетау облысы Щучинск қаласында дүниеге келген.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында екі полиция полковнигі ұсталды

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *