Білім министрлігі оқу жылындағы демалыс күндерін белгіледі

zakon.kz/4982046-b-l-m-ministrl-g-o-u-zhylynda-y-demalys.html

1 сыныптар үшін оқу жылының ұзақтығы – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптар үшін – 34 оқу аптасы.

Сурет : Pixabay

Білім министрлігі оқу жылындағы демалыс күндерін белгіледі, деп хабарлайды Zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР БҒМ 2019 жылғы 29 шілдедегі “Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылындағы каникул кезеңдерінің басталуы мен ұзақтығын белгілеу туралы” №337 бұйрығына сай:

1) 2019 – 2020 оқу жылының басы – 2019 жылдың 1 қыркүйегі;

2) 1 сыныптар үшін оқу жылының ұзақтығы – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптар үшін – 34 оқу аптасы.;

– күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаға дейін (7 күн);
– қысқы – 30 желтоқсаннан бастап 8 қаңтарға дейін (10 күн);
– көктемгі – 21 наурыздан бастап 2 сәуірге дейін (13 күн).

1 сыныптарда қосымша каникул – 3 – 9 ақпан аралығында (7 күн).

Осылайша, оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *