Бүгін "биліктің бұлбұлы" Ертісбаев атышулы Әблязовпен айтысады

zakon.kz/4985669-b-g-n-bil-kt-b-lb-ly-ert-sbaev-atyshuly.html

Митинг жасап көшеде төбелескенше, эфирде жұлыссын.

Сурет : коллаж Zakon.kz

“Бүгін Ермұхамет Ертісбаев пен Мұхтар Әблязов арасында баттл (дебат, жекпе-жек) болады”, дейді саясаттанушы Ерлан Сайыров.

– Елдің саяси тарихы үшін бұл кездесудің маңызы зор. Бір-біріне қарама-қайшы саяси күштердің өкілдері халық алдында ашық түрде айтысады. Екеуі екі бөлек саяси әлемнің өкілдері. Қиын әңгіме болады. Бірі-бірі сояды олар. Бұл жақсы оқиға – ұлттық диалогтың басы. Олар бір-біріне сырттай өштескенше, бірін-бірі эфирде боқтағаны артық бізге. Меніңше, осындай сөйлесу каналдарының көп болғаны жақсы. Митинг жасап көшеде төбелескенше, эфирде жұлыссын. Сонда бір-бірімізді тыңдауды үйренерміз. Елде “еститін” мемлекет орнап келеді. Осы шоуды ұйымдастырғаны үшін “Политон” дискуссиялық клубына рахмет, – дейді ол.

Бүгін “POLYTONE” клубында!
Сағат 17.00-де
Тікелей эфирде
Саяси көзқарастары мен иделогиялары екі бөлек екі “қошқардың” аяусыз айтысы.
Тақырыбы: “Назарбаев Қазақстан үшін кім болды”.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *