Президент Ханчжоудағы "Hikvision" компаниясына бас сұқты

zakon.kz/4985554-prezident-hanchzhouda-y-hikvision.html

Компанияның басқарма төрағасы Чэнь Цзуннянь Мемлекет басшысына “Hikvision” компаниясының қызметі туралы айтты. Сонымен қатар, Орта Азия бойынша қолға алынған коммерциялық жобалардың атқарылу жайымен таныстырды.

Сурет : Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының барысында Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласына барды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Ханчжоуда әлемдік нарыққа инновациялық өнімдерді шығаратын көшбасшы “Hikvision” компаниясына барды.

Компанияның басқарма төрағасы Чэнь Цзуннянь Мемлекет басшысына “Hikvision” компаниясының қызметі туралы айтты. Сонымен қатар, Орта Азия бойынша қолға алынған коммерциялық жобалардың атқарылу жайымен таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның робототехника саласында, үлкен деректерді өңдеу, жасанды интелект және заманауи технологиялар бағытында жасалған жұмыстарын көрсетті.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *