Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

zakon.kz/4985643-aza-stanny-basym-b-l-g-nde-k-n-ashy.html

Тек республиканың солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Сурет : pxhere.com

Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасының орналасуына байланыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек республиканың солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, жел күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде, Карағанды облысында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау, Алматы облыстарының батысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *