Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария вице-президентімен келіссөз өткізді

zakon.kz/4989201-asym-zhomart-to-aev-bolgariya-vitse.html

Илиана Йотова Павлодарға барып, облыс және қала басшыларымен, болгар диаспорасымен кездесуді жоспарлап отыр.

Сурет : ҚазАқпарат

Болгария Республикасының вице-президенті Илиана Йотова жұмыс сапарымен Қазақстанда жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“Бүгін Болгария Республикасының вице-президенті Илиана Йотованың Қазақстанға екі күндік жұмыс сапары басталды. Болгарияның вице-президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқы Ассемблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевпен келіссөз өткізді. Сонымен қатар, ертең Болгария вице-президенті Павлодар қаласына іссапармен барады”, – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров тілшілерге арналған брифинг барысында.

Илиана Йотова Павлодарға барып, облыс және қала басшыларымен, болгар диаспорасымен кездесуді жоспарлап отыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *