Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

zakon.kz/4989212-asym-zhomart-to-aev-vladimir-putind-tu.html

Одан бөлек екі елдің басшылары алдағы жұмыс кестесін ақылдасты.

Сурет : Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Ресей басшысын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және Ресей халқының игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, достық пен тату көршіліктің берік қарым-қатынасына құрылған Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Екі елдің басшылары алдағы жұмыс кестесін ақылдасты. Оның ішінде, биылғы 6-7 қараша күндері Омбы қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI аймақаралық форумына дайындық барысын талқылады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *